13.06.2011, 11:27 3787

Көлік министрлігі әуе компанияларының басшыларын рейстерді кешіктіргені үшін жазалауды ұсынады

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, әуе рейстерінің кешігуі оқиғалары Астана мен Алматы қалаларындағы әуежай штабтарында қаралады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Көлік және коммуникация министрі Берік Қамалиев мәлім етті.

Астана. 13 - маусым. Kazakhstan Today - Көлік министрлігі әуе компанияларының басшыларын рейстерді кешіктіргені үшін жазалауды ұсынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, әуе рейстерінің кешігуі оқиғалары Астана мен Алматы қалаларындағы әуежай штабтарында қаралады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Көлік және коммуникация министрі Берік Қамалиев мәлім етті.

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің сөзіне қарағанда, депутаттар корпусы мен жұртшылық тарапынан "Эйр Астана" әуе компаниясының жұмысына қатысты және аталған компания ұшақтарының кешігіп ұшуына байланысты сауалдар түсіп жатады.

Өз кезегінде министр Б. Қамалиев аталған мәселеге байланысты "Эйр Астана" басшыларының, көлік прокуратурасы өкілдерінің қатысуымен тиісті кеңес өткізілгенін айтып өтті. "Иуе рейстерінің әр кешігуі оқиғасы тиісті штабтарда қаралады. Бұл штабтар Астана мен Алматы қалаларындағы әуежайларда құрылады. Осы мәселе бойынша тиісті шаралардың жоспарын құрамыз",-деді Б. Қамалиев.

Министр, рейстердің кешігуіне байланысты әуе компанияларының басшыларын жауапқа тарту ұсынысы жайында айтып өтті. "Сонда ғана біз жауапкершілікті арттыра аламыз",- деді ведомство басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны