17.05.2016, 17:17 3645

Көлік полицейлері 200 дана киік мүйізін тасымалдаған атыраулықты қолға түсірді

Атырау станциясындағы Ішкі істер желілік бөлімініӊ қызметкерлері "Бекіре - 2016" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында "Атырау-Алматы" бағытындағы жолаушылар пойызынан Атырау қаласыныӊ 40 жастағы тұрғынын ұстады.

Астана. 17 мамыр. Kazakhstan Today - Атырау станциясындағы Ішкі істер желілік бөлімініӊ қызметкерлері "Бекіре - 2016" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында "Атырау-Алматы" бағытындағы жолаушылар пойызынан Атырау қаласыныӊ 40 жастағы тұрғынын ұстады. Тексеру барысында ұсталған азаматтан тиісті құжаттарсыз 200 дана киік мүйізі табылып, тәркіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған факт ҚР ҚК 339-бабы, яғни, жануарлардыӊ сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерімен заӊсыз айналысу бойынша сотқа дейінгі тергеудіӊ бірыӊғай реестрінде тіркелді. Қазір, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BNews.kz.

Еске сала кетейік, 2016 жылдыӊ 1 сәуірі мен 31 мамыры аралығында Орал-Каспий бассейні аумағында "Бекіре - 2016" ЖПІШ өткізіліп жатыр. Осы іс-шара басталғаннан бері көлік сақшылары жануарлардыӊ сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерімен заӊсыз айналысудыӊ 7 фактісін анықтады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны