16.09.2015, 14:12 3983

Көлік полицейлері 22 тонна ЖЖМ-ды ұрлағаны үшін екі теміржол жұмысшысын құрықтады

Ірі көлемдегі жанар-жағар майды ұрлау фактісі бойынша жүргізілген тергеу жұмыстарыныӊ нәтижесінде Шымкент ст. Ішкі істер желілік басқармасыныӊ қызметкерлері Шымкент және Қазығұрт станцияларыныӊ екі диспетчерін ұстады

Астана. 16 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Ірі көлемдегі жанар-жағар майды ұрлау фактісі бойынша жүргізілген тергеу жұмыстарыныӊ нәтижесінде Шымкент ст. Ішкі істер желілік басқармасыныӊ қызметкерлері Шымкент және Қазығұрт станцияларыныӊ екі диспетчерін ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тергеу барысында анықталғаны бойынша ұсталғандардыӊ Шымкент станциясыныӊ паркінде тұрған вагон-цистерналарынан 22 тонна 730 келі жанар-жағар майды жымқыруды жоспарлап, ұйымдастырғандары анықталды.

Олар аталған қылмысқа қатысы барлығын мойындады. Олардан заттай айғақтар жартылай алынды.

Күдіктілер Шымкент қаласы Ішкі істер басқармасыныӊ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Анықтама: Көліктегі Ішкі істер департаментініӊ сотқа дейінгі тергеу бірыӊғай реестрінде ағымдағы жылдыӊ 8 айында жүктерді және жылжымалы составты ұрлау бойынша 125 қылмыстық іс тіркелген.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны