23.02.2015, 13:16 3729

Көлік полицейлері 23 жастағы бойжеткенді жалған ақшамен ұстады

Ағымдағы жылдыӊ 4 ақпанында Астана қаласы темір жол вокзалында Желілік полиция бөлімініӊ қызметкерлері Көліктегі ішкі істер департаментініӊ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесе отырып, 23 жастағы бойжеткенді ұстады. Одан жалпы көлемі 134 мыӊ теӊге болатын 64 дана 2000 теӊгелік номиналды купюр және 6 дана 1000 теӊгелік номиналды купюр табылып

Астана. 23 ақпан. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдыӊ 4 ақпанында Астана қаласы темір жол вокзалында Желілік полиция бөлімініӊ қызметкерлері Көліктегі ішкі істер департаментініӊ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесе отырып, 23 жастағы бойжеткенді ұстады. Одан жалпы көлемі 134 мыӊ теӊге болатын 64 дана 2000 теӊгелік номиналды купюр және 6 дана 1000 теӊгелік номиналды купюр табылып, алынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тексеру барысында купюролардыӊ сулы таӊбасы болмағандығы және аталған ақшалай қаражаттыӊ сырттай қараған кезде бекітілген стандартқа сай еместігі анықталды.

Сараптама қортындысы табылған купюролардыӊ ҚР Ұлттық Банкініӊ қаржылық үлгісіне сәйкес келмейтіндігін, сондай-ақ олардыӊ принтерді пайдалану арқылы жасалғандығын дәлелдеді.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-ніӊ 231-бабыныӊ 1-бөліміне сәйкес, яғни Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiӊ жалған банкноттары мен монеталарын, мемлекеттiк бағалы қағаздарды немесе Қазақстан Республикасыныӊ валютасындағы басқа да бағалы қағаздарды не шетел валютасын немесе шетел валютасындағы бағалы қағаздарды өткізу мақсатында жасау немесе сақтау, өткізуге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Материал әрі қарай тергеу мақсатында Астана қалалық Мемлекеттік кіріс департаментіне жіберілді.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны