04.07.2016, 16:20 3349

Көлік полицейлері 68 жастағы РФ азаматын "Алматы-Атырау" бағытындағы жолаушылар пойызыныӊ төбесіне шыққаны үшін ұстады

Ағымдағы жылдыӊ 3 маусым күні Көліктегі ІІД Жолаушылар пойыздарына ілесіп жүру батальоныныӊ 2-ші рота полицейінен "Алматы-1-Шамалған" өткелінде "Алматы-Атырау" бағытындағы жолаушылар пойызы машинисініӊ вагон үстінде адам бар болуына байланысты пойызды шұғыл тежегені жөнінде хабарлама келіп түсті

Астана. 4 шілде. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдыӊ 3 маусым күні Көліктегі ІІД Жолаушылар пойыздарына ілесіп жүру батальоныныӊ 2-ші рота полицейінен "Алматы-1-Шамалған" өткелінде "Алматы-Атырау" бағытындағы жолаушылар пойызы машинисініӊ вагон үстінде адам бар болуына байланысты пойызды шұғыл тежегені жөнінде хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Көлік полицейлері құқық бұзушыны ұстады. Ол Ресей Федерациясыныӊ 68-жастағы азаматы, Орынбор облысыныӊ тұрғыны болып шықты.

Ұсталған азаматтыӊ айтуы бойынша ол билетке ақшасы болмағандықтан осындай әрекетке барған.

Аталған факт бойынша ҚР ИҚБтК-ніӊ 560 бабыныӊ 1 тармағы (Жүк поездарында заӊсыз жүрiп-тұру, поезд жүрiп бара жатқанда отырғызу және түсiру, вагондардыӊ тепкiшектерi мен төбесiнде жүрiп-тұру, қажетсiз ретте поезды заӊсыз тоқтату) бойыншы әкімшілік хаттама толтырылды.

Еске сала кетейік, 2016 жылдыӊ басынан бері Департаменттіӊ қызмет көрсету аумағы бойынша 824 шұғыл тежеу фактісі тіркелген, соныӊ ішінде темір жол бойында бөгде адамныӊ болуына байланысты - 375. Темір жолды белгіленбеген жерден өткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар саны - 15 501 адам.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны