16.02.2016, 14:58 3588

Көлік полицейлері Алматы облысыныӊ тұрғынын 7 тоннадан аса көмір ұрлағаны үшін ұстады

Үштөбе ст. Желілік полиция бөлімі қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларыныӊ барысында Алматы облысыныӊ тұрғыны ұсталды. Ол ағымдағы жылғы 26 қаӊтарда Ақбалық ст. вагоннан 7 т. 200 келі көмір ұрлаған

Астана. 16 ақпан. Kazakhstan Today - Үштөбе ст. Желілік полиция бөлімі қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларыныӊ барысында Алматы облысыныӊ тұрғыны ұсталды. Ол ағымдағы жылғы 26 қаӊтарда Ақбалық ст. вагоннан 7 т. 200 келі көмір ұрлаған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Келтірілген шығын көлемі 68 500 теӊге.

Ұсталған азамат осы қылмысқа қатысы барлығын мойындады.

Қазір аталған факт бойынша ҚР ҚК 188 бабы 2 тармағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны