11.06.2015, 12:36 3255

Көлік полицейлері арасында Қазақстан полициясыныӊ 23 жылдығына орай бірқатар спорт түрлерінен спартакиада өтуде

Қыздар арасында 200 метр қашықтыққа жүгіруден жекелей сында полиция капитаны Л. Балкенова 1-орын, полиция майоры Ғ. Байбазарова 2-орын, полиция капитаны А. Тұрғанбаева 3-орынды иеленді.

Астана. 11 Маусым. Kazakhstan Today - Астана қаласындағы "Алатау" спорт кешенінде Қазақстан полициясыныӊ 23 жылдығына орай, көлік сақшыларыныӊ арасында спорттыӊ бірнеше түрінен спартакиада өтуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Шараныӊ басты мақсаты - Департамент қызметкерлерініӊ спорттық шеберліктері мен дайындықтарын нығайту, жеке құрам арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Сайыс барысында көлік сақшылары арасынан 4 команда жасақталып, өзара бақ сынасты. Олар департамент аппаратыныӊ Тергеу және жедел бөліністерінен жасақталған құрама командасы, Икімшілік полициясы және қосалқы бөліністерініӊ құрама командасы, Астана станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасы мен Астана әуежайындағы желілік полиция бөлімініӊ құрама командалары.

Спартакиада бағдарламасына сәйкес жарыстыӊ алғашқы күнінде көлік сақшылары спорттыӊ жүгіру, туникте тартылу сынды екі түрінен сайысты.

Қыздар арасында 200 метр қашықтыққа жүгіруден жекелей сында полиция капитаны Л. Балкенова 1-орын, полиция майоры Ғ. Байбазарова 2-орын, полиция капитаны А. Тұрғанбаева 3-орынды иеленді.

Ерлер арасында 400 метр қашықтыққа жүгіруден полиция майоры Ш. Жүзенов бірінші, полиция кіші сержанты Е. Құдияров екінші, полиция сержанты А. Башан үшінші орынға орынға тұрақтады. Жалпы бұл сайыс түрінен командалық есепте тергеу және жедел бөліністерінен жасақталған құрама командасы 1-орын, Икімшілік полициясы және қосалқы бөліністерініӊ құрама командасы 2-орын, Астана станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасыныӊ командасы 3-орын иеленді.

Алғашқы күні өткен келесі бір сайыс түрі салмада тартылудан жекелей сында Ш. Жүзенов еӊ көп ұпай жинап, алға шықты. Одан кейінгі орындарды Ж. Айтжан мен Қ. Башкенов өзара бөлісті. Командалық есепте Астана станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасыныӊ командасы бірінші, Икімшілік полициясы және қосалқы бөліністерініӊ құрама командасы екінші, Тергеу және жедел бөліністерінен жасақталған құрама команда үшінші орынды қанжығаларына байлады.

Спартакиаданыӊ екінші күнінде көлік сақшылары арасында Макаров тапаншасы мен Калачников автоматтарын бұзу және жинаудан сайыс өткізілді. Бұл жарыста тапаншаларды жинап, бұзуда шапшаӊдық танытқан тергеу және жедел бөліністерінен жасақталған құрама командасыныӊ қызметкерлері топ жарды. Ал, екінші орынға Астана ст. ІІЖб, үшінші орынға Икімшілік полициясы және қосалқы бөліністерініӊ құрама командасы қол жеткізді.

Айтулы мерекеге орай ұйымдастырылған спартакиада әлі де бірнеше күнге жалғасады. Көлік сақшылары бірқатар спорт түрлерінен өз өнерлерін ортаға салмақ.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны