01.06.2015, 11:01 3643

Көлік полицейлері балаларды мерекесімен құттықтап, олармен бірге дәстүрлі шараны атап өтті

Бұл күні ұйымдастырылған ойындар мен жарыстардыӊ қай-қайсысына да қатысқан бүлдіршіндердіӊ барлығы да сыйлықсыз қалған жоқ. Иуелі олар аулаға сурет салды. Балалардыӊ бұл туындыларына бар ой-қиялын төккені байқалады. Ийтеуір, көбелек ұшып, гүл жайқалған, аққу жүзіп, мультфильм кейіпкерлері көрініс тапқан суреттердіӊ тұсына авторлар өз аттары өрнекті етіп жазуға тырысыпты. Енді бұл суреттердіӊ келесі жаӊбырға дейін ата-аналарыныӊ көз қуанышына айналып, жүректерін жылытып жүретіні сөзсіз.

Астана. 01 Маусым. Kazakhstan Today - 2015 жылдыӊ 30-шы мамыры күні Көліктегі ішкі істер департаментініӊ Астана қаласындағы бас ғимаратыныӊ ауласында "1 маусым - Балаларды қорғау күніне" орай мерекелік шара өтті. Жылда өткізіліп тұратын мұндай мерекені ата-аналарыныӊ жұмыс орынына келген балаларыныӊ асыға күткені байқалады. Шара басталған түрлі түсті бормен сурет салу ойынына олар бар ынтасымен кірісіп кетті. Күнде темірдей тәртіп пен қызметтік құрмет орнайтын шеру алаӊы осы күні бір сәтке балалық шақтыӊ бекетіне айналды. Қызметтегі жауапкершілікті орынныӊ бірауық өміріндегі бар асылы - балаларыныӊ көӊілді ортасына айналғаны көлік полицейлері қауымыныӊ да көӊілін бір серпілтіп тастағаны рас еді. Қозыдай жамырасқан 3 жас пен 11 жас аралығындағы балдырғандардыӊ дауыстарынан осы күні Департамент ауласы тұнып тұрды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл күні ұйымдастырылған ойындар мен жарыстардыӊ қай-қайсысына да қатысқан бүлдіршіндердіӊ барлығы да сыйлықсыз қалған жоқ. Иуелі олар аулаға сурет салды. Балалардыӊ бұл туындыларына бар ой-қиялын төккені байқалады. Ийтеуір, көбелек ұшып, гүл жайқалған, аққу жүзіп, мультфильм кейіпкерлері көрініс тапқан суреттердіӊ тұсына авторлар өз аттары өрнекті етіп жазуға тырысыпты. Енді бұл суреттердіӊ келесі жаӊбырға дейін ата-аналарыныӊ көз қуанышына айналып, жүректерін жылытып жүретіні сөзсіз.

Одан кейінгі кезекте Сайқымазақтар тобыныӊ арнайы дайындаған ойын-сауық бағдарламасы балалардыӊ көӊілінен дөп түсіп, олар би билеу, арқан тарту, эстафета, ой жүйріктігі сынды тағы да басқа жарыстардыӊ жеӊімпазы атануға жандарын салып, тырысып жатты. Балалармен қос тілде сөйлесіп, әзіл-қалжыӊы мен сайысынан ешкімді де шет қалдырмағаны балаларды ортақ мерекеде одан сайық жұмылдыра түсті. Барлығы да шетінен талапты да талантты, тосырқауды білмейтіндігін аӊғартты.

Одан соӊ мәнерлер тақпақ айту, би билеу жарыстары өтті. Онда да үздіктері анықталып, арнайы сыйлықтармен марапатталды. Шара соӊында осында жиналған барша балаға тәтті тағамдар мен ойыншықтар үлестіріліп берілді. Жадыраған күн мен сәби күлкісіне шомған балалар мерекесініӊ бастан-аяқ созылған 3 сағатыныӊ қалай өтіп кеткені сезілмей де қалды. Осылайша көлік полицейлерініӊ балалары үшін жаз жадырап, күн күлдіретін үш ай каникулы бүгінгі балдай тәтті бақытты мерекемен басталып кетті. Соӊынан естелікке топтық суретке түскен ұжымдастар мен олардыӊ балалары бір-бірлерін қимай тарасты.

Көліктегі ІІД-ніӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны