24.08.2015, 10:45 3582

Көлік полицейлері бір жарым тоннаға жуық есірткі затын тауып, тәркіледі

Одан салмағы 1 тонна 388 кг болатын "кептірілмеген марихуанна" есірткі заты табылып, алынды. Көлік сақшылары аталған азаматтыӊ бұған дейін де 2010 жылы Алматы қаласы Медеу аданы сотымен ҚР ҚК 259 бабы 1-1 тармағы бойынша 5 жылға сотталғандығын анықтады. Бүгінгі таӊда ұсталған азамат Шу станциясындағы ЖПБ-ніӊ УҰИ-на қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 296 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Астана. 24 Тамыз. Kazakhstan Today - 2015 жылдыӊ 22 тамызы күні "Көкнәр-2015" ЖПІШ барысында Көліктегі ІІД-ніӊ Шу станциясындағы ЖПБ ЕКБ қызметкерлері Петропавловск станциясындағы ЖПБ ЕКБ және Жолаушылар пойыздарына ілесіп жүру батальоны қызметкерлерімен біріге отырып, "Альфа" және "Джек" лақап атты қызметтік іздестіру иттерініӊ көмегімен "Шу - Тәтті" айналымыныӊ 1824 километрінде жабайы сора өсетін алқапта, теміржол жиегінде жабайы сора жинап жүрген жерінен 1988 жылғы Алматы қаласыныӊ тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Одан салмағы 1 тонна 388 кг болатын "кептірілмеген марихуанна" есірткі заты табылып, алынды. Көлік сақшылары аталған азаматтыӊ бұған дейін де 2010 жылы Алматы қаласы Медеу аданы сотымен ҚР ҚК 259 бабы 1-1 тармағы бойынша 5 жылға сотталғандығын анықтады. Бүгінгі таӊда ұсталған азамат Шу станциясындағы ЖПБ-ніӊ УҰИ-на қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 296 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ, ҚР ҚК-ніӊ аталған бабы бойынша осыдан бір күн бұрын Ерейментау станциясындағы ЖПБ қызметкерлері "Көкшетау-Ерейментау" бағыты бойынша қатынайтын эл. пойызында Ерейментау қаласыныӊ 49 жастағы тұрғынын ұстаған болатын. Оныӊ жол сөмкесінен салмағы 518 грамм "кептірілген марихуанна" есіркі саты табылып, тәркіленді. Тергеу амалдары ждүргізілуде.

Көліктегі ІІД-ніӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны