02.09.2015, 11:35 3042

Көлік полицейлері ішіне 1 млн. 600 мыӊ теӊгеден аса ақша салынған сейфті тауып, тәркіледі

Жедел іздестіру шаралары кезінде Защита станциясындағы Ішкі істер желілік бөлімініӊ криминалдық полициясыныӊ қызметкерлері Өскемен қаласындағы жер үйлердіӊ бірініӊ сарайынан көмулі жатқан сейфті тауып, тәркіледі

Астана. 2 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Жедел іздестіру шаралары кезінде Защита станциясындағы Ішкі істер желілік бөлімініӊ криминалдық полициясыныӊ қызметкерлері Өскемен қаласындағы жер үйлердіӊ бірініӊ сарайынан көмулі жатқан сейфті тауып, тәркіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Көлік сақшылары тексеру кезінде ішіне 1 681 761 тенге салынған сейфтіӊ 2013 жылдыӊ наурыз айында Өскемен қаласындағы жеке фирмалардыӊ бірініӊ ғимаратынан ұрланғандығын анықтады.

Қазіргі уақытта ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 43 жастағы үй иесі ұсталды.

Материал Өскемен қалалық ІІБ Ульба полиция бөліміне берілді.

Тексеру амалдары жүргізілуде.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны