25.02.2016, 10:40 4201

Көлік полицейлері Қандыағаш қ. тұрғынынан сәйкес құжаттарынсыз ірі көлемдегі ұзақ тұқымды балықтарды тәркіледі

Ақтөбе ст. Ішкі істер желілік басқармасы Қандыағаш ст. желілік полиция бөлімініӊ қызметкерлері "Атырау-Ақтөбе" бағытындағы пойыздыӊ вагондарыныӊ бірінде Қандыағаш қ. тұрғынын ұстады

Астана. 25 ақпан. Kazakhstan Today - Ақтөбе ст. Ішкі істер желілік басқармасы Қандыағаш ст. желілік полиция бөлімініӊ қызметкерлері "Атырау-Ақтөбе" бағытындағы пойыздыӊ вагондарыныӊ бірінде Қандыағаш қ. тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тексеру барысында ұсталған азаматтан сәйкес құжаттарынсыз 100 келіден аса ұсақ тұқымды балықтар - сазан тәркіленіп алынды.

Аталған факт ҚР ҚК 195-бабы 1 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеудіӊ бірыӊғай тізілімінде тіркелді.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны