16.01.2015, 20:16 4400

Көлік полицейлері қызметтік иттіӊ көмегімен "героин" есірткі затын тапты

2015 жылғы 14 қаӊтарда сағат 20.45-те Шымкент станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасыныӊ қызметкерлері вокзал перронынан 46 жастағы Шымкент тұрғынын ұстады.

Шымкент. 16 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2015 жылғы 14 қаӊтарда сағат 20.45-те Шымкент станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасыныӊ қызметкерлері вокзал перронынан 46 жастағы Шымкент тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тексеру барсында көлік полицейлері "Пегас" лақап атты қызметтік иттіӊ көмегімен күдіктіден 4 гарммнан аса "героин" есірткі затын тапты.

Ұсталған азамат Шымкент қаласыныӊ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір бұл қылмыстық іс бойынша ҚР ҚК-ніӊ 296-бабыныӊ 4- бөлімімен, яғни аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заӊсыз дайындау, қайта өӊдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны