11.07.2016, 13:58 3925

Көлік полицейлері Маӊғышлақ станциясындағы темір жол вокзалында жарылғыш зат бар екендігі жөнінде жалған хабарлама берген азаматты ұстады

Ақпаратты алғаннан кейін Ақтау станциясындағы ІІЖб жеке құрамы "Жиын" дабылы бойынша көтеріліп, темір жол аумағын қоршауға алынды және оныӊ жұмысшылары мен жолаушылар қауіпсіз жерге шығарылды.

Астана. 11 шілде. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдыӊ 9 шілдесі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 20.10-да Ақтау ст. Ішкі істер желілік бөлімініӊ кезекші бөліміне Маӊғыстау облысы бойынша ІІД-ныӊ Орталық жедел басқармасыныӊ кезекшісінен "102" нөміріне белгісіз ер азаматтыӊ Маӊғышлақ станциясындағы темір жол вокзалыныӊ ғимаратында жарылғыш зат бар екендігі жөнінде хабарлағаны жөнінде хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ақпаратты алғаннан кейін Ақтау станциясындағы ІІЖб жеке құрамы "Жиын" дабылы бойынша көтеріліп, темір жол аумағын қоршауға алынды және оныӊ жұмысшылары мен жолаушылар қауіпсіз жерге шығарылды.

Маӊғыстау облысыныӊ ІІД саперларымен ешқандай жарылғыш зат табылмады. Сағат 22.10-да операцияны "Тоқтату" жөнінде бұйрық түсті.

10 шілде күні Ақтау ст. ІІЖб мен Маӊғыстау облыстық ІІД-ныӊ қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларыныӊ барысында және Маӊғышлақ ст. темір жол вокзалында орналасқан бейнежазбалардыӊ көмегімен 1991 жылы туған Ақтау қаласыныӊ тумасы ұсталып, ол өз кінәсін мойындады.

Қаскүнемніӊ айтуы бойынша ол бұзақылық арам оймен үрейлі хабарды жеткізіп, полицейлердіӊ мұндай жағдайда қалай әрекет ететінін көргісі келген.

Жоғарыда аталған факт ҚР Қылмыстық кодексініӊ 273 бабы (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеудіӊ бірыӊғай реестрінде тіркелді. Қылмыстық кодекстіӊ аталған бабы алты жылға дейін бас бостандығынан айыру санкциясын қарастырады.

Қазіргі уақытта күдікті Ақтау қаласыныӊ ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны