22.07.2015, 15:11 3310

Көлік полицейлері нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері үшін 19 жастағы жігітті ұстады

Үстімізджегі жылдыӊ 20 шілдесі күні сағат 06.30-да Алматы-1 станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасына "Маӊғышлақ-Алматы" бағытындағы жолаушылар пойызыныӊ жолаушысы шағымданып, аталған пойызда келе жатқан жолда белгісіз біреулердіӊ оныӊ кәмелетке толмаған, 3-ші сынып оқитын қызына тиіскендігі туралы хабарлаған

Астана. 22 Шілде. Kazakhstan Today - Үстімізджегі жылдыӊ 20 шілдесі күні сағат 06.30-да Алматы-1 станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасына "Маӊғышлақ-Алматы" бағытындағы жолаушылар пойызыныӊ жолаушысы шағымданып, аталған пойызда келе жатқан жолда белгісіз біреулердіӊ оныӊ кәмелетке толмаған, 3-ші сынып оқитын қызына тиіскендігі туралы хабарлаған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Алматы-1 станциясындағы ІІЖБ қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 19 жастағы жігітті анықтап, ұстады.

Ұсталған азамат Алматы қаласыныӊ ІІД-ніӊ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта оныӊ үстінен ҚР ҚК 121 бабы 4 тармағы (Нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттері) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Көліктегі ІІД-ніӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны