29.06.2016, 12:01 3900

Көлік полицейлері Павлодар қаласы әуежайында жолаушыларды тіркеу кезінде ҚР-да заӊсыз жүрген АҚШ-тыӊ 2 азаматын ұстады

Ағымдағы жылғы 27 маусым күні "Құқық бұзушылық пен тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік" акциясын жүргізу кезінде Павлодар станциясындағы Ішкі істер желелік бөлімініӊ қызметкерлері Павлодар қаласы әуежайында "Павлодар-Мәскеу" әуе рейсіне жолаушыларды тіркеу кезінде бұрын Қазақстан Республикасыныӊ азаматтары болған, Америка Құрама Штаттарыныӊ 2 азаматын анықтап, ұстады

Астана. 29 маусым. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылғы 27 маусым күні "Құқық бұзушылық пен тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік" акциясын жүргізу кезінде Павлодар станциясындағы Ішкі істер желелік бөлімініӊ қызметкерлері Павлодар қаласы әуежайында "Павлодар-Мәскеу" әуе рейсіне жолаушыларды тіркеу кезінде бұрын Қазақстан Республикасыныӊ азаматтары болған, Америка Құрама Штаттарыныӊ 2 азаматын анықтап, ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Олардыӊ бірі, 2007 жылы Павлодар қаласынан кетіп, 2012 жылы ресми түрде АҚШ азаматтығын алған Минисот Штаты Иган қаласыныӊ 43 жастағы тұрғыны. Екіншісі, 2014 жылы АҚШ азаматтығын алған Минисот Штаты Шакопи қаласыныӊ 82 жастағы тұрғыны болып шықты.

Құжаттарды тексеру барысында олардыӊ 2016 жылғы 25 мамырдан бастап Қазақстан аумағына келіп, АҚШ азаматтары бола тұра Қазақстан Республикасыныӊ төлқұжаттарын пайдаланғаны, яғни, ҚР заӊнамасын бұзғаны анықталды.

Аталған факт бойынша көлік полицейлері АҚШ азаматтарыныӊ үстінен ИҚБтҚ РК 496 бабыныӊ 1 тармағы бойынша (ҚР азаматтығынан айырылған адамныӊ ҚР азаматыныӊ паспортын және (немесе) жеке куәлігін пайдалануы) әкімшілік хаттама толтырып, олардыӊ әрқайсысынан 100 АЕК, яғни 212 100 теӊге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылғы 27 мен 29 маусым аралығында ҚР ІІМ Көліктегі ІІД қызмет көрсету аумағы бойынша "Құқық бұзушылық пен тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік" акциясы өтуде.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны