13.07.2016, 15:44 3988

Көлік полицейлері жыл басынан бері заӊсыз такси қызметін ұсынғандарға 2,5 млн теӊгеден аса көлемде әкімшілік айыппұл салды

Көліктегі ІІД Икімшілік полиция басқармасы қызметкерлерімен ағымдағы жылдыӊ басынан бері 242 таксист әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, 8 такси жүргізуші әкімшілік соттармен қамауға алынды. Өндірілген әкімшілік айыппұлдардыӊ жалпы көлемі 2 566 410 теӊгені қ

Астана. 13 шілде. Kazakhstan Today - Көліктегі ІІД Икімшілік полиция басқармасы қызметкерлерімен ағымдағы жылдыӊ басынан бері 242 таксист әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, 8 такси жүргізуші әкімшілік соттармен қамауға алынды. Өндірілген әкімшілік айыппұлдардыӊ жалпы көлемі 2 566 410 теӊгені құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мәселен, ағымдағы жылғы сағат 17.10-да Алматы қаласы әуежайыныӊ Желілік полиция бөліміне Алматы қаласыныӊ 33 жастағы тұрғыны шағымданып келді. Оныӊ айтуынша, Алматы қаласы әуежайыныӊ вокзал маӊы аумағында белгісіз азамат такси қызметін ұсынып, оныӊ мазасын алған.

Жедел-іздестіру іс-шараларыныӊ барысында көлік полицейлері 1977 жылы туылған Алматы қаласыныӊ тұрғынын ұстады.

Құқық бұзушыныӊ үстінен ҚР ИҚБтК 449 бабыныӊ 2 тармағы (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Көлік полициясы - қоғамдық орындарда тиісу бір жылдыӊ ішінде қайталанатын болса 10 айлық есептік көрсеткіш (21 210 теӊге) көлемінде айыппұл тағайындалатынын немесе әкімшілік соттармен қамауға алынатынын ескертеді. Құқық бұзушылық бірінші рет жасалатын болса қамауға алынбайды, алайда екі есе кем көлемде айыппұл салынады. Егер мұндай құқық бұзушылықты шетел азаматтары жасайтын болса, олар бес күнге дейін әкімшілік қамауға алынып, елден тысқары шығарылады.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны