15.02.2016, 11:30 2871

Көлік полициясы: теміржол қызметкерлері аспалы шамдар салынған 80-нен астам қорапты ұрлап кеткен

ҚХР-Өзбекстан" контейнерін жөнелту кезінде жалпы соммасы 303 мыӊ 750 теӊгені құрайтын 81 қорап "Eglo" маркалы аспалы шамдарды ұрлаған

Астана. 15 ақпан. Kazakhstan Today - Достық станциясындағы Желілік полиция бөлімініӊ қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 2 теміржол қызметкері - Ақтоғай ст. пойыздарды қабылдаушы және пойыз машинисті ұсталды. Олар ағымдағы жылғы 25 қаӊтарда Ақтоғай ст. "ҚХР-Өзбекстан" контейнерін жөнелту кезінде жалпы соммасы 303 мыӊ 750 теӊгені құрайтын 81 қорап "Eglo" маркалы аспалы шамдарды ұрлаған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ұсталған азаматтар осы қылмысқа қатысы барлығын мойындады.

Заттай айғақтар тәркіленіп алынды.

Аталған факт ҚР ҚК 188 бабыныӊ 2 тармағы 3 тармақшасы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеудіӊ бірыӊғай реестрінде тіркелді.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны