10.09.2015, 16:57 4074

Көлік сақшылары вандализм бабы бойынша 15 жастағы жасөспірімді ұстады

9 қыркүйек күні Өскемен-Защита станцияларыныӊ аралығындағы телімніӊ 7-8-ші километрінде болған оқиға. Осы күні белгісіз біреулер "Алматы-Защита" бағытындағы жолаушылар пойызыныӊ №5,6,8 вагондарыныӊ терезелеріне тас лақтырған. Соныӊ салдарынан осы вагондардыӊ бір-бір терезесі сыртқы бетінен сызылып қалған. Қазір келтірілген шығын есептеліп жатыр.

Астана. 10 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Соӊғы уақыттары құқық бұзушылар арасында жасөспірімдердіӊ саны артып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Соныӊ бірі, 9 қыркүйек күні Өскемен-Защита станцияларыныӊ аралығындағы телімніӊ 7-8-ші километрінде болған оқиға. Осы күні белгісіз біреулер "Алматы-Защита" бағытындағы жолаушылар пойызыныӊ №5,6,8 вагондарыныӊ терезелеріне тас лақтырған. Соныӊ салдарынан осы вагондардыӊ бір-бір терезесі сыртқы бетінен сызылып қалған. Қазір келтірілген шығын есептеліп жатыр.

Защита станциясындағы Ішкі істер желілік бөлімініӊ қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру шарасы барысында вандализм дерегі бойынша Өскемен қаласында тұратын №36 мектеп оқушысы, 15 жастағы жасөспірімді анықтап ұстады.

Ол жасаған істерін мойындап отыр.

Аталған дерек бірыӊғай сотқа дейінгі тергеу тізілімінде ҚР ИҚБтК 448 бабы "Жасөспірімдер вандализмі" бойынша тіркелді.

Көліктегі ІІД-де 2015 жылдыӊ 8 айы ішінде ҚР ИҚБтК 448 бабы "Жасөспірімдер вандализмі" бойынша 5 жасөспірім жауапкершілікке тартылған.

Көліктегі ІІД-ніӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны