12.04.2007, 09:54 1441

Көлік және коммуникация министрлігі концессия негізінде Астана-Қарағанды және Алматы -Ыстықкөл тас жолдары құрылысын жүзеге асыруға ниет білдірушілерді тапқан жоқ

АСТАНА. 12- сәуір. Kazakhstan Today. Көлік және коммуникация министрлігі концессия негізінде Астана-Қарағанды және Алматы -Ыстықкөл тас жолдары құрылысының жобасын жүзеге асыруға ниет білдірушілерді тапқан жоқ . Бұл жөнінде кеше "Нұр Отан" партиясының парламенттегі фракциясының мәжілісінде көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Алматы Ыстықкөл, Астана -Қарағанды сияқты тартымды жолдарға келсек, әлі күнге дейін осы жобаларды концессия негізінде қолға аламын деген жан жоқ",-дейді С.Ахметов.

"Біздің пікірімізше, әзірге тас жолдардың құрылысына қатысты бірде бір жоба концессия негізінде өткен жоқ",-деді ол.

Министрдің айтуынша, "жеті учаске бойынша жобаларды концессия негізінде жүзеге асыру жоспарланған-темір жол учаскелерінің құрылысы, темір жол учаскелеріне электр желілерін жүргізу және Ақтау халықаралық әуежайы бар". "Басқа жобалар концессия негізінде жіті сараптамадан өткізіледі",-деп атап өтті министр.

Көлік министрі, 19 сәуірде "тәуелсіз сарапшылар тізімі анықталады, олар концессия негізінде жүзеге асырылатын жобалардың алдын-ала тізімін қарайтын болады, оның ішінде тас жолдар құрылысының жобалары да бар" деп мәлімдеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны