27.02.2007, 15:48 2767

Көлік және коммуникация министрлігі жолға шығушыларды күн райының бұзылуына байланысты сапарға тек тексерілген көліктермен шығуға шақырады

АСТАНА. 27-ақпан. Kazakhstan Today. Көлік және коммуникация министрлігінің көлік инфрақұрылымын дамыту комитеті жолға шығушыларды "күн райының бұзылуына байланысты сапарға тек тексерілген көліктермен шығуға және көлікке сапалы жанармай құюға" шақырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Баспасөз қызметінің "Қазгидромет" РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, "кейбір облыстарда ақпанның соңғы онкүндігінде жауған қар өткен жылдардағы осы мерзіммен салыстырғанда нормадан 2-3 есе асып кеткен".

Алдын-ала қолданылған шаралар ғана оқыс оқиғалар мен адам шығынына жол бермеуге мүмкіндік жасады" , дейді мекемедегілер. "Табиғаттың тосын мінезіне төтеп беруге қолда бар барлық адами және техникалық ресурстар жұмылдырылды. 25-26 ақпанда жолдарды қардан тазартуға 300 жол техникасы тартылды",- дейді министрліктегілер.

Ал күн райын болжаушылардың ақпаратына сәйкес, наурыздың басында да "күн райы күрт суытып, 35 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде". Сол себепті Көлік және коммуникация министрлігінің көлік инфрақұрылымын дамыту комитеті жүргізушілерді қауіпсіздік шараларын алуға шақырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны