19.03.2007, 15:33 3361

Көлік және коммуникация министрлігінде "Көлік жолдарын концессия негізінде ұстау" атты пилотты жобаны іске қосу қажеттігі туралы мәселе шешілуде

АСТАНА. 19-наурыз. Kazakhstan Today. Көлік және коммуникация министрлігінің көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінде "Көлік жолдарын концессия негізінде ұстау" атты пилотты жобаны іске қосу қажеттілігі туралы мәселе шешілуде. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрлігінің көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің "Қазақстанның көлік жолдарын ұстауды жақсарту және инвестицияны басқару" жобасын әзірлеу қорытындысы бойынша пилотты жобаны іске қосу қажеттігі туралы мәселе шешілуде. Аталмыш жобаны көлік және коммуникация министрлігінің Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінде көлік және коммуникация министрлігінде өткен семинар-тұсаукесерде оның авторлары - Финляндияның "Финнроуд" компаниясы қазақстандық "СК-Инжиниринг" компаниясымен бірлесе отырып таныстырды, деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Семинар-тұсаукесерде сондай-ақ, Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрлігінің көлік инфрақұрылымын дамыту комитеті мен жол қатынасы комитетінің, Қазақстан Республикасының экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің, Еуропалық қайта құру және даму банкінің, "КазжолҒЗИ" АҚ және "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттік кәсіпорын өкілдері қатысты, деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Семинарда "Финнроуд" компаниясын Эско Фишер атап өткендей, Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірқатар кездесулер өткізу жоспарлануда. Кездесу барысында банктің пилотты жобаны түпкілікті әзірлеу қаржысын бөлу мәселелері талқыланады. "Финнроуд" компаниясының қорытынды есеп беруінде барлық ақпараттар ұсыныс ретінде Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрлігінің көлік инфрақұрылымын дамыту комитетіне ұсынылды.

Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрлігінің ақпараттарына сүйенсек, 2006 жылдың қарашасынан бастап жүзеге асырылып жатқан "Қазақстанның көлік жолдарын ұстауды жақсарту және инвестицияны басқару" жобасын Еуропа қайта құру және даму банкі қаржыландыруда. Зерттеулер негізгі үш бағыт бойынша жүргізілген. Бұл - ағымдағы көлік жолдарын ұстау, жол төсенішін басқару жүйесі және Қазақстанда концессиялық жобаларды тиімді енгізу мүмкіндігі.

Министрлік ақпараттарына сәйкес, семинарға қатысушылар, сондай-ақ өз елдеріндегі көлік жолдарын ұстау жөніндегі тәжірибелерімен алмасты. Атап айтқанда, көлік жолдарын ұстаудан қаржы үнемдеудің келеңсіз жақтары талқыланды. Яғни, жолдардың жағдайы қанағаттанарлық емес болған күнде жолдарды ұстаудан үнемделген әрбір доллар жолды пайдаланушылар үшін қосымша транспорттық және пайдалану шығындары ретінде 3 АҚШ долларына түссе, болашақта жол басқармасы үшін жолды реабилитациялауға қосымша шығындар ретінде 2 АҚШ долларын жұмсауға тура келмек.

Сонымен қатар, Финляндия мен басқа да бірқатар еуропа елдерінде жол саласын қаржыландыру көзі туралы мәселе де талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны