01.10.2007, 16:15 3106

Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті су көлігінде 54 заң бұзушылықты анықтады

Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті су көлігінде 54 заң бұзушылықты анықтады

Астана. 1-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Биылғы жылдың қыркүйек айының аяғында Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті республика аумағына жаңадан әкелінген және бұрын енгізілген кішкентай көлемі қайықтарға тексеру жүргізді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Рейдтік тексеру қорытындысы бойынша су қоймалар мен жаппай демалыс орындарында су көлігіне байланысты 54 заң бұзушылық анықталды. Заң бұзушылар 180 мың теңгеден астам сомада айыппұл төлеп әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп көрсетілген баспасөз қызметі сенбі күні таратқан хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, заң бұзушылықтардың көпшілігі Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Жамбыл облыстарының үлесіне тиеді.

Қазіргі уақытта республиканың көптеген суқоймаларында рейдтік тексерістер жалғасуда.

Сондай-ақ, сыйымдылығы аз флотты, оның ішінде скутерлер мен гидроциклдерге бақылауды күшейту мақсатында аймақтық көлікті бақылау басқармасы аймақтық кедендік бақылау органдарымен бірлесе отырып тіркелмеген сыйымдылығы аз қайықтарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Сонымен бірге, су және кедендік бақылау органдарының өзара ықпалдастығын бұдан әрі қарай да тұрақты негізде іске асыру жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны