25.09.2006, 17:07 3134

Көлік және коммуникациялар министрлігіне жаңа басшы тағайындалды

АСТАНА. 25-қыркүйек. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысының жарлығымен еліміздің көлік және коммуникациялар министрі болып Серік Ахметов тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне жасап.

С.Ахметов 1958-жылы Қарағанды облысының Теміртау қаласында туған. Қарағанды металлургиялық комбинатының жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітірген, металлург-инженер, экономика ғылымдарының кандидаты. 1995-1996-жылдарда "Кең Дала" Қазақстан агроөнеркәсіптік биржасының директоры, 1996-1998-жылдарда "Кең Дала" Орталық Қазақстан агроөнеркәсіптік биржасының бірінші вице-президенті, артынан президенті болды. 1998-жылдың ақпан айынан 2001-жылдың наурыз айына дейін президент әкімшілігінің ұйымдастыру -бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы болды. 2001-жылдың наурыз айынан бастап Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімі қызметін атқарды. Кейінгі кездері кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жалпыұлттық "Атамекен" одағы басқармаларының төрағасы болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны