18.05.2015, 10:40 3587

Көлікті тексеру барысында қосұӊғылы қарумен оқ дәрі және киік еті алынды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп -тексеру амалдары жүргізілуде.

Астана. 18 Мамыр. Kazakhstan Today - Қарағанды облысы ІІД табиғатты қорғау полициясы қызметкерлерімен Қарағанды облысы Ұлытау ауданында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында Жезқазған қаласыныӊ тұрғыны 30-жастағы браконерь ұсталып, одан киіктіӊ еті тәркіленді. 16-шы мамыр күні Қарағанды облысы Ұлытау ауданында жануарлар әлемін қорғау мақсатында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында Қарағанды облысы Ішкі істер департаменті табиғатты қорғау полициясы қызметкерлерімен қыстақтардыӊ бірініӊ маӊында 30-жастағы Жезұазған қаласы тұрғыныныӊ басқаруындағы "Тойота Лэнд Крузер" автөкөлігі тоқтатылған. Көлікті тексеру барысында қосұӊғылы қарумен оқ дәрі және киік еті алынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп -тексеру амалдары жүргізілуде.

Қарағанды облысыныӊ ІІД Баспасөз -қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны