23.05.2012, 09:54 2991

"Қолжетімді баспана" бағдарламасы аясында 63 млн ш.м. жаңа баспана қолданысқа беріледі

"Қол жетімді" бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде 2013-2020 жылдар аралығында қолданысқа 63 млн. шаршы метр жаңа баспана қолданысқа беріліп, 1 млн-ға жуық отбасының тұрғын үй жағдайы жақсарады", - деді С.Нокин.

Астана. 23-мамыр. Kazakhstan Today - "Қолжетімді баспана" бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде 2013-2020 жылдар аралығында қолданысқа 63 млн. шаршы метр жаңа баспана берілетін болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігінің төрағасы Серік Нокин аталмыш бағдарламаға арналған дөңгелек үстел барысында хабарлады.

"Қол жетімді" бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде 2013-2020 жылдар аралығында қолданысқа 63 млн. шаршы метр жаңа баспана қолданысқа беріліп, 1 млн-ға жуық отбасының тұрғын үй жағдайы жақсарады", - деді С.Нокин.

Сонымен қатар, ішкі нарықта отандық өндірушілердің құрылыс материалдарын қолдануды 65-тен 90%-ға дейін арттыру көзделген.

"Қазіргі таңда отандық 60%-дай өзіміздің материалдарымызды шығарамыз. Осы бағдарламаға сәйкес, 2020 жылға дейін 90% шығаруымыз қажет деп жобалап жатырмыз. "Қолжетімді баспана" үйлерін салуға тек қазақстандық құрылысшыларды тарту ойымызда бар", - деді Серік Нокин журналисттерге берген сұхбатында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны