08.08.2013, 12:54 4571

"Қолжетімді тұрғын үй-2020" бағдарламасы бойынша 2013 жылы жас отбасылар үшін 3,5 мыңға жуық пәтер салынады

"Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ "Қолжетімді тұрғын үй-2020" бағдарламасы аясында жас отбасыларға арнап тұрғын үй салуға жергілікті атқарушы органдармен келісімдер жасасты

Астана. 8-тамыз. Kazakhstan Today - "Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ "Қолжетімді тұрғын үй-2020" бағдарламасы аясында жас отбасыларға арнап тұрғын үй салуға жергілікті атқарушы органдармен келісімдер жасасты, деп хабарлады ҚТҚЖБ басқарушы директоры Мұрат Шәріпов Primeminister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдармен жас отбасыларға арналған 3,5 мың пәтер болатын 62 тұрғын үйдің құрылысына келісімдер жасалған", - деді М.Шәріпов.

Сонымен қатар, ол бүгінгі таңда қаржыландырылған нысандардың әлі жоқ екенін атап өтті. "Меніңше, әлі ерте. Жыл соңына қарай сәйкес нәтижелер болады және жас отбасылар жалға кіреді", - деп есептейді ол.

Оған қоса, ол әр өңірдегі жағдай әр түрлі екенін түсіндірді. "Кейбіреулері үйді тапсыруға дайындалып жатыр, ал біреулері құжаттарды рәсімдеп, жас отбасылар арасында конкурс өткізуде", - деп толықтырды ол.

Ұпайларды есептеу және кезекті қалыптастыруды әкімдіктер жүзеге асыратыны белгілі, ал банктің міндеті төлем қабілеттілігін растау және тұрғын үй құрылыс жинақ туралы келісім-шарт жасау.

Жалпы алғанда, жыл соңына дейін Алматы облысында 120 пәтерден тұратын 2 үй, Солтүстік Қазақстан облысында 216 пәтерден тұратын 1 үй, Қостанай облысында 352 пәтер болатын 7 үй, Атырау облысында 234 пәтер, Қарағанды облысында 154 пәтердің т.б. құрылысы жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны