14.07.2015, 18:42 3609

Коммуналдық қызметкерлер Алматыдағы жылу магистралініӊ жарылу себебінатады

Коммуналдық қызметтер Алматыда Сейфуллин даӊғылындағы құбырдыӊ жарылуыныӊ себебін атады. Олар құбырдыӊ тозуын немесе ысырма ақаулығын атап отыр. Бұл туралы "Алматы жылу желілері" ЖШС ресми өкілі Ян Гирин мәлімдеді

Астана. 14 Шілде. Kazakhstan Today - Коммуналдық қызметтер Алматыда Сейфуллин даӊғылындағы құбырдыӊ жарылуыныӊ себебін атады. Олар құбырдыӊ тозуын немесе ысырма ақаулығын атап отыр. Бұл туралы "Алматы жылу желілері" ЖШС ресми өкілі Ян Гирин мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Диаметрі 700 мм құрайтын 4А жылу магистралі қайта құрылуда. Осылайша, құбырдыӊ бір бөлігі кесіліп, одан ыстық су атқылаған. Су жолға төгіліп, жақын жерді басып кеткен. Жылу желілері мен жылу қуаты көзініӊ арасындағы шекарада ысырма немесе ілмекті арматура орналасқан. Жарылу себебі осыдан немесе құбырдыӊ тозуынан болуы мүмкін", - деді Ян Гирин, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Қазіргі таӊда тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетсек, бүгін Алматыныӊ Жетісу ауданында ЖЭО құбыры жарылды. Төтенше жағдай Сейфуллин мен Семипалатинская көшелерініӊ қиылысында орын алды. Су жолға төгіліп, жақын жерді басып кетті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны