01.03.2013, 10:21 4042

Коммуналдық қызметтерге наурызда баға өспейді

"Электр энергиясының құны, жылу энергиясының құны, газбен жабдықтау және сумен жабдықтау құны өзгеріссіз қалады", -деді А.Шкарупа.

Астана. 1-наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда ағымдағы жылдың наурыз айында коммуналдық қызметтерге баға өспейді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Анатолий Шкарупа мәлім етті.

"Электр энергиясының құны, жылу энергиясының құны, газбен жабдықтау және сумен жабдықтау құны өзгеріссіз қалады", -деді А.Шкарупа.

ТМРА төрағасының орынбасарының айтуынша, жанар-жағармай материалдарының бағасы да өзгеріссіз қалады. Бағалар бұрыңғы деңгейінде, яғни Аи-80 - 89тг/литр және Аи-92 - 110 тг/литр болып қалады.

Алайда, А.Шкарупа дизельдік отынды Қазақстаннан тыс шығару тәуекелі бар екенін атап өтті. Осыған байланысты дизельдік отынның бөлшек саудадағы баға деңгейін 8%-ға литріне 102 теңгеге дейін көтеру қайта қаралды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны