25.08.2015, 12:12 3841

Конституция күніне орай елорданыӊ бірінші сынып оқушылары үшін мерекелік сабақ өткізіледі

2015 жылдыӊ 28 тамызында Білім күні қарсаӊында Қазақстан Республикасы Тұӊғыш Президентініӊ Музейінде сағ. 11.00-де № 48 мектеп-лицейдіӊ бірінші сыныпқа баратын бүлдіршіндері үшін Қазақстан Республикасы Конституциясыныӊ 20 жылдығына арналған "Меніӊ Қазақстаным - меніӊ болашағым" мерекелік сабағы өткізіледі

Астана. 25 Тамыз. Kazakhstan Today - 2015 жылдыӊ 28 тамызында Білім күні қарсаӊында Қазақстан Республикасы Тұӊғыш Президентініӊ Музейінде сағ. 11.00-де № 48 мектеп-лицейдіӊ бірінші сыныпқа баратын бүлдіршіндері үшін Қазақстан Республикасы Конституциясыныӊ 20 жылдығына арналған "Меніӊ Қазақстаным - меніӊ болашағым" мерекелік сабағы өткізіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мерекені ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Тұӊғыш Президентініӊ Музейі, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

20 жылдан аса уақыт бойы тәуелсіз Қазақстан өз Конституциясыныӊ құқықтық нормаларына сүйене отырып, тұрақты түрде дамып келеді. Еліміздіӊ Негізгі Заӊы - ұлттық-мемлекеттік дамудыӊ іргетасы болған ерекше тарихи маӊызы бар құжат. Бұл ұзақ жылдар бойғы ұжымдық жұмыстыӊ нәтижесі, оныӊ басында айналасына миллиондаған қазақстандықтарды жұмылдыра білген және Конституцияныӊ жобасын жасауда идеялардыӊ генераторы болған Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті - Елбасы Н. И. Назарбаев болды.

Қазақстан Республикасыныӊ кішкентай азаматтары - № 48 мектеп-лицейдіӊ болашақ бірінші сынып оқушылары мұражай өлкесіне саяхат шеге отырып, Ата Заӊымыздыӊ құрылу тарихымен танысады, Конституцияда бекітілген өз құқықтары мен міндеттерін біледі. Бүлдіршіндер өзін-өзі тану элементтері арқылы Отан, ана тілі, еркіндік, мемлекеттіӊ тарихы мен дәстүрі сияқты ұғымдар туралы өз білімдерімен бөліседі.

Ұйымдастырылып отырған мереке барысында балалар ойын элементтері арқылы "Мен - Қазақстан азаматымын" бөлімінде жаттығулар орындап, өз топтарымен сурет салып жобалар қорғайды. Музей педагогтары мектеп мұғалімімен бірлесе отырып, ата-аналарға да арнайы жаттығулар дайындады.

Қазақстан Республикасы Тұӊғыш Президентініӊ Музейінде өткен сабақтан естелік ретінде ұйымдастырушылар балаларға арнайы сыйлықтар дайындады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны