30.05.2007, 18:21 3002

Конституцияға енгізілген түзетулер Конституциялық кеңестің іс-қызметін пәрмендендіреді, деп пайымдайды кеңес төрағасы

АСТАНА. 30-мамыр. Kazakhstan Today. Конституцияға енгізілген түзетулер Конституциялық кеңестің іс-қызметін пәрмендендіреді. Бүгін "Конституциялық реформа және Қазақстандағы демократиялық процестерді тереңдету" тақырыбындағы бас қосу барысында Конституциялық кеңес төрағасы Игорь Рогов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Жаңартылған Конституция Конституциялық кеңестің Ата заңға түсініктеме беруге қатысты іс-қызметін пәрмендендіре түспек. Бұл нормативтік-құқықтық актілердің иерархиясында кеңестің нормативтік қаулыларының ережелері мен мәртебесіне жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді",- деді И.Рогов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны