30.05.2007, 18:03 9012

Конституцияға енгізілген түзетулер заңнамаға кешенді өзгерістер енгізуді талап етеді - Конституциялық кеңес төрағасы

АСТАНА. 30-мамыр. Kazakhstan Today. Конституцияға енгізілген түзетулер заңнамаға кешенді өзгерістер енгізуді талап етеді. Бүгін "Конституциялық реформа және Қазақстандағы демократиялық процестерді тереңдету" тақырыбындағы бас қосу барысында Конституциялық кеңес төрағасы Игорь Рогов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Конституциядағы жаңалықтар заң шығарушылық үдерісінен де түзетулерді іске асыруды қамтамасыз ететін лайықты шараны талап етеді",- деп мәлімдеді И.Рогов. Оның айтуынша, "елдің Ата заңында саяси партиялардың фракциялары секілді құбылысты бекіту әлбетте фракцияның құқықтары мен міндеттері, фракцияны құру мен оның іс-қызметін тоқтату шарттары мен тәртіптерін, сондай-ақ, олардың ел парламентінде жұмыс істеуіне қатысты басқа да маңызды мәселелерді реттейтін жан-жақты әрі толыққанды құқықтық нормалардың блогының негізіне айналуға тиіс".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны