28.05.2007, 14:04 2734

Конституциялық кеңес мемлекеттік мұқтаждыққа деп мүлікті иеліктен шығарудың принциптік шарттарына түсінік берді

АСТАНА. 28-мамыр. Kazakhstan Today. ҚР Конституциялық кеңесі бір топ парламерт депутаттарының мемлекеттік мұқтаждыққа деп мүлікті иеліктен шығарудың принциптік шарттарына қатысты Ата заң нормаларына түсінік беру жөніндегі жолдауына жауап берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Мемлекеттік мұқтаждыққа деп мүлікті мәжбүрлі иеліктен шығаруға қатысты ерекше оқиғалардың сипатын Қазақстан Республикасындағы ең жоғары құндылық - адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деген негізгі конституциялық принциптерге сәйкес айқындау қажет",- делінген бүгін Игорь Рогов оқып таныстырған ҚР Конституциялық кеңесінің нормативтік қаулысында.

"Мемлекеттік және жеке меншік мүлік бірдей мойындалып, бірдей қорғалады және оны пайдалану бір уақытта қоғамның игілігіне қызмет етуге тиіс. Қазақстанның азаматтары кез-келген заңды сатып алған мүлікті жеке меншікте ұстауға құқылы және жеке меншікке заңмен кепілдік беріледі",- деді Конституциялық кеңес төрағасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны