23.05.2007, 14:50 3150

Конституциялық кеңес талқыланып жатқан Жер кодексіне енгізілетін түзетулердің жобасына байланысты Конституция нормаларын түсіндіру туралы депутаттардың жолдауын қарайды

АСТАНА. 23 - мамыр. Kazakhstan Today. Конституциялық кеңес мәжілісте талқыланып жатқан "Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына байланысты Конституция нормаларын түсіндіріп беру туралы бір топ парламент депутаттарының жіберген жолдауын қарауға көшті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі. Конституциялық кеңестің отырысы кезінде сауал авторларының бірі, мәжіліс депутаты Болат Ибішевтің түсіндіруі бойынша, депутаттар Конституцияның 26 бабының 3 тармағына және 39 баптың 1 тармағына ресми түсініктеме беруді өтініп отыр.

АСТАНА. 23 - мамыр. Kazakhstan Today. Конституциялық кеңес мәжілісте талқыланып жатқан "Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына байланысты Конституция нормаларын түсіндіріп беру туралы бір топ парламент депутаттарының жіберген жолдауын қарауға көшті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Конституциялық кеңестің отырысы кезінде сауал авторларының бірі, мәжіліс депутаты Болат Ибішевтің түсіндіруі бойынша, депутаттар Конституцияның 26 бабының 3 тармағына және 39 баптың 1 тармағына ресми түсініктеме беруді өтініп отыр. Нақты айтқанда, парламент депутаттары конституциялық нормаларға сәйкес жер учаскелерін мемлекеттік мұқтаждыққа мәжбүрлі түрде тәркілеп алу кезінде қандай жағдайларды ерекше деп санауға болатындығын түсіндіріп беруді өтінуде.

"Жер кодексінің жекелеген ережелері жеке меншік құқының пайда болу, өзгеру және тоқтатылуының негізі мен шегін бұлыңғырлатып жіберген. Кез келген кезеңде және кез келген деңгейде, үкіметтен бастап биліктің жергілікті атқару органдарына дейін жер телімдерін мемлекеттік қажеттілікке деп мәжбүрлі алу құқығы берілген. Демек, жер иеленуші азаматтардың құқығын сақтауға мемлекет тарапынан ешқандай кепілдік жоқ, заңды бұзбау жалпыға бірдей міндет деген қағидаға күмән келтіріледі", - деді Болат Ибішев, Алматы облысының аудандық әкімшілігінің балалар үйінің жер телімін ауданның жер резервіне алу ниетін мысал ретінде келтіре отырып.

Депутаттар жер учаскесі иелерінен жерді тәркілеп алу мүмкіндігі берілетін жағдайлардың негізіне күмән келтіреді. Атап айтсақ, халықаралық міндеттемелер бойынша мемлекеттік қажеттілікке жер алу секілді жайт. "Конституция жоғарғы заңдық күшке ие екендігіне және халықаралық келісімшарттардан басымдыққа ие болғандықтан адамның құқығы мен еркіндігі халықаралық келісімдердің басты мазмұнын құрауы қажет. Дербес қожайынның жері халықаралық міндеттемелердің құралы болмауы керек", - деп санайды Б. Ибішев.

Учаскелерді қорғаныс қажеттіліктеріне алуға келетін болсақ, депутаттардың ойынша, мұндай мақсаттағы жер жер қорында есептелген. Оның үстіне, "қордағы 125,6 млн га жері кез келген уақытта жерге деген қажеттілікті толтыруға мүмкіндік береді".

Сондай-ақ, депутаттар мемлекеттік қажеттіліктер үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін алу мүмкіндігі туралы заңнамалық нормадан еш негіз көріп отырған жоқ. "Аталмыш мақсат азаматтарға ол жерде еркін тұруына кедергі келтірмейді. Керісінше, бүгінгі күні, бұл норма болған жағдайда, кейбір қорғалатын табиғи аумақтарда ағаштарды кесу, көлдерді ластау, қонақ үйлер, коттедждер, отельдер мен мейрамханалар салу оқиғаларын көріп отырмыз", - деп атап өтті Б. Ибішев.

Депутаттардың ойынша, негізінен жер учаскелерін алуда қала немесе елді мекеннің даму бағытын ескере отырып белгіленген тәртіппен бекітілген қалалар мен басқа да елді мекендердің бас жоспары" ғана негізге алынуы керек". "Басқа жағдайларда, жер телімдерінің иелері мен басқа да жерді тұрақты пайдаланушылар келісім негізінде жерді сатуды, ал мемлекет сатып алуды іске асыруы мүмкін деп есептеймін", - деп сөзін қорытындылады Ибішев.

Конституциялық кеңес отырысына қатысқан Иділет вице-министрі Серік Нұғмановтың айтуынша, әділет министрлігі "меншік иесінің құқығына қатысты шектеулер заңмен бекітілуі себепті Жер кодексіне түзетулер енгізу жөніндегі заң жобасымен мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер телімдерін мәжбүрлі алуға қатысты ерекше жағдайлардың тізімін анықтауға Конституцияның аталған нормалары құқықтық кедергі бола алмайды" деген пікірде.

Отырыс аяқталған соң Конституциялық кеңес мүшелері шешім қабылдау үшін кеңес бөлмесіне кетті. Конституциялық кеңес төрағасы Игорь Рогов шешім шығарылатын күні туралы қосымша хабарланатындығын жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны