15.05.2008, 13:11 1310

Конституциялық реформа аясында парламент сот жүйесі мен ҚР Конституциялық кеңесіне қатысты бірқатар заң жобаларын қабылдауы қажет - Дьяченко

Конституциялық реформа аясында парламент сот жүйесі мен ҚР Конституциялық кеңесіне қатысты бірқатар заң жобаларын қабылдауы қажет - Дьяченко

Астана. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Конституциялық реформа аясында парламент сот жүйесі мен ҚР Конституциялық кеңесіне қатысты бірқатар заң жобаларын қабылдауы қажет. Бұл туралы "Илеуметтік- саяси модернизациялаудың Қазақстандық жолы" атты дөңгелек үстел барысында Қазақстан парламенті мәжілісінің вице-спикері Сергей Дьяченко мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Төртінші шақырылған парламенттің бірінші сессиясының ашылуында мемлекет басшысы депутаттар алдына жаңа буын заңдарының жобасын жасау және олардың жүзеге асырылуына ықпалды бақылауды қамтамасыз ету мақсатын қойды", -деп еске салды С. Дьяченко.

"Осыған байланысты біз конституциялық аяға енгізілген саяси жаңашылдықтарды бекіре түсуге бағытталған бірқатар заңдар мен оларға түзетулердің кешенін қарап, талқылап, қабылдауымыз қажет", -деді ол.

Атап айтсақ, "саяси модернизацияны заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету, сондай-ақ, қолданыстағы құқықты Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкестендіруді заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету үшін парламент сот жүйесі мен судьялардың мәртебесіне, парламенттің комитеттері мен комиссияларының іс-қызметіне, сондай-ақ, еліміздің Конституциялық кеңесінің іс-қызметіне қатысты заңдарға енгізілетін түзетулерді қабылдауы керек". "Бұған қоса, саяси партиялар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының іс-қызметін реттейтін заңдар, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықпен және көлеңкелі экономикамен күресті одан әрі күшейтуге бағытталған заң жобалары қаралады", - деді мәжілістің вице-спикері.

Ол қазір Конституцияның жаңа нормаларына сәйкес "Қазақстан Республикасының президенті туралы", "Қазақстан Республикасының үкіметі туралы", "Қазақстан Республикасының парламенті мен оның депуттарының мәртебесі туралы", " Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы", "Республикалық референдум туралы" конституциялық заңдарға түзетулер енгізілгенін еске салды.

"Осынау аса маңызды заңнамалық актілер республикадағы саяси биліктің құқықтық тұғырнамасын құрайтындықтан, бірінші кезекте түзетуді талап етті", -деді С. Дьяченко.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны