05.06.2015, 10:48 4064

Контрабандалық телефондар

Қазақ-қытай шекарасында орналасқан "Қорғас" бақылау-өткізу бекетініӊ бақылаушылары елімізге заӊсыз жолмен ұялы телефондарды өткізбек болған Қазақстан азаматшасын ұстады. Жасы қырықтыӊ үстіндегі жерлесіміздіӊ олжасын санап жібергенде 301 данаға жетті

Астана. 05 Маусым. Kazakhstan Today - Қазақ-қытай шекарасында орналасқан "Қорғас" бақылау-өткізу бекетініӊ бақылаушылары елімізге заӊсыз жолмен ұялы телефондарды өткізбек болған Қазақстан азаматшасын ұстады. Жасы қырықтыӊ үстіндегі жерлесіміздіӊ олжасын санап жібергенде 301 данаға жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексініӊ 234 бабыныӊ 1-тармақшасы бойынша тергеу алды амалдары жүргізілуде.

ҚР ҰҚК Шекара қызметініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны