16.02.2015, 11:51 5300

"Контрафакт" жедел-профилактикалық іс-шарасы

ЖПІШ-ді жүргізу барысында 268 құқық бұзушылық анықталды

Астана. 16 ақпан. Kazakhstan Today - Республика аумағында ақпараттық технологияны қолданып қылмысты анықтауға, жолын кесуге және ашуға, сонымен қатар, еркін саудаға тиым салынған өнімдерді заӊсыз дайындайтын, басып шығаратын және тарататын адамдарды анықтауға бағытталған "Контрафакт" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. ЖПІШ-ді жүргізу барысында 268 құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оныӊ ішінде түрлері бойынша:

- Авторлық құқық бұзушылық - 243;

- Ақпараттық жүйеніӊ жұмысын бұзу - 3;

- Ақпаратты құқыққа сыйымсыз иеленіп алу - 2;

- Зиян келтіретін компьютерлік бағдарламаларды тарату - 3;

- Ұялы телефонныӊ ИМЕЙ-кодын құқыққа сыйымсыз өзгерту - 1;

- Порнографиялық материалдарды тарату - 8;

- Қатыгездiкке бас ұруды насихаттайтын туындыларды заӊсыз тарату - 2;

- Арнайы техникалық құралдарды (АТҚ) заӊсыз қолдану - 3.

Еркін сауда айналымындағы 44276 дана тыйым салынған өнімдер тәркіленді, оныӊ ішінде 44 мыӊ контрафактілік CD-DVD дискілер, 125 порнографиялық мазмұндағы дискілер, 31 лицезниясы жоқ программалық жасақтама дискілері, 3 АТҚ және 72 дана басқа контрафактілік өнімдер.

Рейдтік іс-шараларды жүргізу барысында аудио-бейне өнімдерді тарататын 315 орын, 195 компьютерлік клубтар мен Интернет-кафелер, 82 компьютерлік техникаларды сататын фирмалар тексерілді, аталған құқық бұзушылықты жасағаны үшін ұсталған 151 адам есепке қойылды,

Сонымен қатар, 5 контрафактілік өнімдерді жасайтын астыртын цехтардыӊ (Астана, Алматы қалаларыныӊ, Ақтөбе, Шығыс-Қазақстан, Қызылорда облыстарыныӊ ІІД) қызметі, контрафактілік өнімдерді алып келетін Қырғыз республикасынан (Алматық. ІІД - 5 мыӊ. дискілер) контрафактілік дискілер әкелетін 1 арнаныӊ қызметі анықталды және жолы кесілді.

Мысал ретінде, Астана, Алматы қалаларыныӊ, ШҚО, Жамбыл облысы ІІД жұмыстарын айтуға болады.

Алматы қаласы ІІД "К" бөлінісі қызметкерлерімен "Компьютерная лавка" дүкенінде контрафактілік өнімдерді дайындауға арналған цех анықталды. Онда дискілерге голограмма жасауға арналған түрлі-түсті принтер, сондай-ақ, фильмдерді жазу және көшіруге арналған 6 құрал орнатылған компьютердіӊ жүйелік блогы тәркіленді. Осы орында техникалардан басқа 1520 дана контрафактілік өнімдер алынды.

Алматы қаласындағы "Азия" базарында Қазақстан Республикасы аумағына Қырғыз Республикасы аумағынан контрафактілік аудио-бейне өнімдерді әкелетін арнаныӊ қызметі анықталып, жолы кесілді. Осы факті бойынша Алматы қаласыныӊ тұрғыны ұсталды, оныӊ бутигін қарау кезінде Алматы қаласыныӊ аумағына көтерме бағамен сатуға арналған контрафактілік белгілері бар 4850 DVD дискілер табылды.

Жамбыл облысы ІІД КПБ қызметкерлерімен "Контрафакт" ЖПІШ жүргізу барысында ҚР ҚК 207-бабы, 1-т. ("Ақпараттық жүйеніӊ немесе ақпараттық-коммуникациялық желініӊ жұмысын бұзу") қарастырылатын қылмысты жасағаны үшін Қостанай облысыныӊ тұрғыны ұсталды. Ол 2013 жылдыӊ желтоқсан айынан 2014 жылдыӊ қыркүйек айына дейінгі уақыт аралығында арнайы техникалық құралдарды қолдану арқылы Тараз қаласындағы таксопарктіӊ диспетчерлік телефонына әрдайым және үздіксіз қоӊырау шалуды жүзеге асыру арқылы ақпараттық-коммуникациялық жүйелердіӊ жұмысын бұзған.

"SIM-BOX" шартты атаудағы техникалық құрал тәркіленді, компьютерлі-технологиялық сараптама тағайындалды. ҚР ҚК 207-бабы, 1-т. (ақпараттық жүйеніӊ немесе ақпараттық-коммуникациялық желініӊ жұмысын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы ІІМ-ніӊ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны