03.04.2012, 13:16 3550

Көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу кезінде пәтер иелері алдын ала жарна салудан босатылатын болады

2012 жылы пәтер иелері жөндеудің кем дегенде 15 пайыз мөлшеріндегі алдын ала жарнадан босатылады деп күтілуде, деп хабарлады Үкімет отырысында С.Нокин ТКШ жаңғырту бағдарламасына енгізілген өзгертулерді таныстыра отырып.

Астана. 3-сәуір. Kazakhstan Today - Көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу кезінде пәтер иелері алдын ала жарна салудан босатылатын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2012 жылы пәтер иелері жөндеудің кем дегенде 15 пайыз мөлшеріндегі алдын ала жарнадан босатылады деп күтілуде, деп хабарлады Үкімет отырысында С.Нокин ТКШ жаңғырту бағдарламасына енгізілген өзгертулерді таныстыра отырып.

Қазіргі бағдарлама бойынша үйлерді жөндеуді бюджеттік қаржыландыру кезінде пәтер иелері жөндеу құнының кем дегенде 15 пайызын міндетті түрде алғашқы жарна ретінде салуы керек.

"Пәтер иелерін ай сайын жинақ қаражатына ақша салуды міндеттейтін заңнамалық норма 2011 жылы ғана енгізілген. Осыған байланысты тиісті қаражаттың жиналмауы үйлерді жөндеу үрдісін кешіктіріп отыр", - деп хабарлады С.Нокин.

2012 жылы пәтер иелерін алдын ала жарна салудан босату көзделген. Болашақта алдын ала қаржы салу мөлшері келесідей болып белгіленеді: 2013 жылы - 3 пайыз, 2014 жылы - 5 пайыз, 2015 жылдан бастап - кем дегенде 7 пайыз.

Тағы да айта кетерлігі, өзгерістерге сәйкес 1 шаршы метр аумақта жүргізілген жөндеу жұмыстарының төлемі айына айлық есептік көрсеткіштің кем дегенде 3 пайызы, яғни 49 теңге көлемінде белгіленеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны