25.09.2007, 12:40 1469

Көп пәтерлі үйлер пәтер иелерінің толық өз қаржысы есебінен күрделі жөнделуге тиіс - ҚР Индустрия және сауда министрлігі

Көп пәтерлі үйлер пәтер иелерінің толық өз қаржысы есебінен күрделі жөнделуге тиіс - ҚР Индустрия және сауда министрлігі.

Астана. 25 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Көп пәтерлі үйлер пәтер иелерінің толық өз қаржысы есебінен күрделі жөнделуге тиіс. Бүгін өткен үкіметтің отырысында еліміздің индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов осындай ұсыныс жасады.

"Экономикалық ахуалдың оң бағытта өзгеруі, халықтың қолындағы жинақтардың ұлғаюы және орта тап өкілдерінің үлес салмағының арту ағымдарын ескере отырып, министрлік көп пәтерлі үйлерді күрделі жөндеуден өткізу , яғни, кондоминиум нысандарындағы жалпыға ортақ мүлікті жөндеуді пәтер иелірінің өз қаржысы есебінен толық жүзеге асыра отырып, кедейлердің шығынын тұрғын үй жәрдемақысын төлеу жүйесі арқылы қайтаруды ұсынамыз", - деді министр.

"Бұл біздің қоғамымызда жүргізіліп жатқан нарықтық өзгерістерге сай келеді", - деп санайды министр.

Ол осы орайда "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңның 35 бабына сәйкес , жалпыға ортақ бөлінбейтін мүлікке жататын тұрғын үй конструкциялары мен барлық бөліктерін жөндеу шығындары пәтер иелеріне жүктелетіндігін еске салды. "Бұрынғы шақырылым депутаттары мен бірқатар әкімдер жөндеу шығындарының бір бөлігін мемлекеттің мойнына жүктеуді, бірінші кезекте шатырларды, тірек конструкциялар мен тоқсатыларды жөндеуді мемлекетке жүктеуді ұсынған, бұл күрделі жөндеу жұмыстары барысындағы жалпы шығындардың 70% иемденеді", -деді министр.

Оның айтуынша, мұндай көзқарас үйлерде қауіпсіз тұру мүмкіндігін қамтамасыз ету қажеттігіне негізделеді.

Сонымен бірге, Ғ. Оразбақовтың айтуынша, тұрғын үйлерді қаржыландыру тәжірибесі шетелдерде сан алуан. "Батыс Еуропада күрделі жөндеуді пәтер иелерінің өз қаржысы есебінен қаржыландыру, Польша, Чехия мен Литвада азаматтар мен мемлекеттің үлеспен қатысуы есебінен қаржыландыру, ал көршілес Ресейде негізінен мемлекет есебінен қаржыландыру жолдары қолданылады", - деді министр, алайда, оның айтуынша, "Ресейде тұрғын үй қорының 80% әлі де жекешелендірілмегендіктен, ондағы тәжірибеге өзгеше көзқарас қажет".

Ал Қазақстанда, министрліктің мәліметінше, "ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдаймен 257 млн шаршы метрді құраған тұрғын үй қорының 97%-і жекешелендірілген".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны