25.06.2012, 16:05 2760

"Көпэтносты Қазақстандағы полиция қызметі" атты бірлескен жоба жүзеге асырылмақ

Ертең Астанада "Көпэтносты Қазақстандағы полиция қызметі" атты Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы, ҚР Ішкі істер министрлігі, ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының бірлескен жобасы таныстырылады.

Астана. 25-маусым. Kazakhstan Today - "Көпэтносты Қазақстандағы полиция қызметі" атты бірлескен жоба жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ертең Астанада "Көпэтносты Қазақстандағы полиция қызметі" атты Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы, ҚР Ішкі істер министрлігі, ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының бірлескен жобасы таныстырылады.

Аталған жобаның мақсаты - полиэтносты қоғамдағы полиция қызметінің өзіне тән міндеттерін жүзеге асырудағы Қазақстан полициясының әлеуетін жетілдіру. Бұл ретте жобаны жүзеге асыру үшін Қазақстан полициясы мен азаматтық қоғам институттары арасында ынтымақтастық орнатумен қатар, ішкі істер министрлігі құрылымдарының этносаралық келісімді нығайту бойынша жұмысын күшейтуге мүмкіндік береді.

"Халық пен полиция қызметкерлері арасындағы сенімділікті нығайтуға баланысты 2008 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ішкі істер министрлігі арасында ауқымды пилоттық жоба енгізілген болатын. Бұндай жобаларға өз ішімізде ғана емес, шет елдер тарапынан да қызығушылық танытылған еді. Жалпы өткен 1,5 жыл ішінде 16 мемлекет өкілдері Қазақстанға тәжірибе алмасуға келді. Сөз жоқ бұл Қазақстанның этносаралық қарым-қатынасында, қоғамдық келісімге байланысты ұстанымында Президент Н. Назарбаев енгізген үлгінің тиімділігін көрсетеді. Ал бүгінгі жоба сондай ұстанымды одан сайын нығыздай түседі", - дейді жиын барысында ҚХА төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов.

Бірлескен жоба аясында қатысушылар 3 сессия бойынша көпұлтты мемлекеттегі полиция қызметіне арналған Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссардың ұсынымдарымен танысады. Полиэтносты қоғамдағы полиция қызметінің теориялық стандарттары, тәсілдері мен тегеуріндері, полиция қызметін ұйымдастырудың тәжірибелік қырлары және жобаны жүзеге асырудың басқа да мәселелері қаралады. Бұл ретте жиынға қатысушы шетелдік қонақтар назарына мемлекеттік органдардың этномәдени бірлестіктермен өзара байланыс орнатудың тиімді жүйесін құрудағы қазақтандық тәжірибе ұсынылып, этностық топтар мен ішкі істер қызметкерлері арасындағы өзара байланысты нығайту ісіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі таныстырылатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны