14.12.2018, 19:31 4793

Қордай шекара отряды наряды жолаушылар тасымалдайтын автокөлік салонында 10 бұқаны Қырғызстанға алып өтпек болған азаматты ұстады

Жолаушылар тасымалдауға арналған шағын автобустыӊ салонын тексерген шекарашылар 10 бас, ешқандай рұқсат құжаттарынсыз әкетіліп бара жатқан ірі қара малды (бұқаларды) анықтады. Бұқалар актіленіп, Қордай ауданыныӊ Малдәрігерлік қызметіне тапсырылды.

Астана. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қордай шекара отрядына қарасты "Қордай-авто" өткізу бөлімшесініӊ шекара наряды біздіӊ елден Қырғызстанға қарай кетіп бара жатқан 38 жастағы қазақстандық, Мерседес-бенц 313 (спринтер) автокөлігініӊ жүргізушісін ұстады.

Мерседестегі бұқалар...

Қордай шекара отрядына қарасты "Қордай-авто" өткізу бөлімшесініӊ шекара наряды біздіӊ елден Қырғызстанға қарай кетіп бара жатқан 38 жастағы қазақстандық, Мерседес-бенц 313 (спринтер) автокөлігініӊ жүргізушісін ұстады.

Жолаушылар тасымалдауға арналған шағын автобустыӊ салонын тексерген шекарашылар 10 бас, ешқандай рұқсат құжаттарынсыз әкетіліп бара жатқан ірі қара малды (бұқаларды) анықтады. Бұқалар актіленіп, Қордай ауданыныӊ Малдәрігерлік қызметіне тапсырылды.

2,5 центнер мүйіз

Қостанай шекара отрядыныӊ "Қайрак-авто"өткізу бөлімшесінде шекарашылар 41 жастағы қазақстандықты ұстады. Ол өзініӊ жекеменшік "Скания" автокөлігімен ешқандай малдәрігерлік сертификатсыз, 250 кг жабайы аӊдардыӊ мүйізін Ресейге әкетіп бара жатыпты.

Мүйіздер актіленіп Қарабалық аудандық ішкі істер бөліміне тапсырылды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны