10.11.2015, 10:30 3415

Қордай шекара отрядыныӊ аумағында 8 қараша күні тексеру бекетініӊ шекарашылары ішімдікке сылқия тойып алған басбұзарларды сабасына түсіру үшін, ескерту ретінде қару қолдануға мәжбүр болды.

Түнгі сағат 04:35-те құжаттарын тексеру үшін "Ауди" С4 маркалы автокөлік тоқтатылған болатын. Рульде "Мақсат" есімді жігіт, салонда отырған төрт адамныӊ біреуі 1994 жылы туған бикеш. Барлығы да ішімдікке сылқия тойған

Астана. 10 қараша. Kazakhstan Today - Түнгі сағат 04:35-те құжаттарын тексеру үшін "Ауди" С4 маркалы автокөлік тоқтатылған болатын. Рульде "Мақсат" есімді жігіт, салонда отырған төрт адамныӊ біреуі 1994 жылы туған бикеш. Барлығы да ішімдікке сылқия тойған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Шекара аумағына кіру үшін құжаттарын көрсету туралы шекарашылардыӊ талабына наразылық танытқан "ашушаӊ" топ, қызмет бабымен жүрген әскерилерді жерден алып, жерге салып, сыбай бастады.

Шекара нарядыныӊ басшысы шыдамдылықпен, олардыӊ шекаралық аумақта жүргендіктерін, құжаттары өздерімен болуы тиістілігін, шекарашылар талап етсе, көрсету қажет екендігін ұқтыра бастады.

Осы кезде көліктегі адамдардыӊ бірі шығып, шекарашылардыӊ талаптарына құлақ аспастан шлагбаумды ашып жібергені сол еді, автокөлік шекарашыларды қаға, алдыға ұмтылды.

Шекарашылардыӊ бірі (офицер) "тоқта!" деген әмірге құлақ аспаған автокөліктіӊ капотына жығылған шекарашыныӊ өміріне қауіп-қатер төнгендіктен, табельді тапаншадан ескерту ретінде оқ атуға мәжбүр болды. "Жалмауызға да жан керек" деген. Тапанша дауысы мастарды сабасына тез түсірді. Жүргізуші мен жолаушылар ұсталды. Олар :

1992, 1993 жылдары туған Жамбыл обл, Қордай ауданыныӊ азаматтары және жоғарыда айтылған бикеш. Бұл топтыӊ ісімен енді құқық қорғау органдарыныӊ өкілдері айналысады.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны