14.08.2015, 12:55 3671

"Қордай-авто" бақылау-өткізу бекетініӊ шекарашылары есірткі тасымалдағандарды ұстады

Өткен тәулік ішінде қазақстандық шекарашылар мемлекеттік шекара арқылы есірткі заттарын өткізбек болған қырғызстандық екі азаматшаны адамды ұстады

Астана. 14 Тамыз. Kazakhstan Today - Өткен тәулік ішінде қазақстандық шекарашылар мемлекеттік шекара арқылы есірткі заттарын өткізбек болған қырғызстандық екі азаматшаны адамды ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Оӊтүстік" өӊірлік басқармасына қарасты "Қордай-авто" бақылау-өткізу бекетініӊ шекара наряды (Жамбыл облысы) Қырғызстаннан келе жатқан әйелді әуелі күдікті ретінде ұстады.

Жүрісі күдікті болып көрінген 32 жастағы әйелді шекаралық тексеру кезінде оныӊ денесінен "скотчпен" оралған 4 түйіншек табылып, оныӊ "гашиш" екендігі анықталды, салмағы 402 грамм болып шықты.

Сол күні түстен кейін жоғарыда аталған бақылау-өткізу бекетініӊ шекара наряды қырғызстандық тағы бір азаматшаны ұстады. Қызметтік иттіӊ көмегімен тексеру кезінде оныӊ да денесінен салмағы 306 грамм 05 млгр. болатын "гашиш" табылды.

Аталған деректер бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны