22.09.2015, 12:11 4423

Қордайда тағы да есірткі тасымалыныӊ жолы кесілді

ҚР ҰҚК ШҚ Оӊтүстік өӊірлік басқармасына қарасты Қордай шекара отрядыныӊ (Жамбыл облысы) "Қордай авто" шекаралық бақылау бөлімі тағы да ірі көлемді есірткі тасымалыныӊ жолын кесті

Астана. 22 қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР ҰҚК ШҚ Оӊтүстік өӊірлік басқармасына қарасты Қордай шекара отрядыныӊ (Жамбыл облысы) "Қордай авто" шекаралық бақылау бөлімі тағы да ірі көлемді есірткі тасымалыныӊ жолын кесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Үстіміздегі жылғы қыркүйектіӊ 21 күні сағат 16.00-де "Қордай авто" шекаралық бақылау бөлімініӊ шекара наряды арнайы үйретілген қызметтік иттіӊ көмегімен Қырғыз Республикасынан ГАЗ-3110 автокөлігімен елімізге қарай келе жатқан екі Қырғызстан азаматын ұстады.

Қызметтік иттіӊ берген белгісінен кейін автокөлікті тереӊдете тексеру барысында артқы екі дөӊгелектіӊ қанаттарыныӊ астына жасырылған, 45 брикетке салынған, спецификалық иісі бар, ақшыл сары түсті ұнтақ зат табылды. Жалпы салмағы 22 килограмға жуық (21 кг 923 гр 092 млгр) тартқан ұнтақ героин есірткісі болып шықты. Автокөліктіӊ иесі 1962 жылы туған Хабдрасул деген азамат, ал жүргізуші 1967 жылғы Жұбанычбек.

Іс тәртіп сақшыларына берілді.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны