22.07.2015, 10:45 3952

Қордайлық шекарашылар тағы да ерледі

Жұмадан сенбіге қараған түні Қордай шекаралық тексеру отрядыныӊ шекара наряды 9 килограмнан астам есірткі (героин) тасымалыныӊ жолын кескенді туралы хабарлағамыз

Астана. 22 Шілде. Kazakhstan Today - Жұмадан сенбіге қараған түні Қордай шекаралық тексеру отрядыныӊ шекара наряды 9 килограмнан астам есірткі (героин) тасымалыныӊ жолын кескенді туралы хабарлағамыз. Бір тәулік өтпей жатып дәл сол пункттен 10 килограмнан астам героин тасымалдаушы, Тәжікстан республикасыныӊ азаматы ұсталды. Кеше кешкілік аталмыш отрядтыӊ шекара наряды Қазақстан аумағы арқылы Ресейге өтпек болған тағы бір Қырғыз азаматыныӊ автокөлігін тексеру барысында, арнайы үйретілген қызметтік ит көлікте есірткі бар екендігі туралы белгі берді. Тереӊірек тексеру нәтижесінде артқы орындықтыӊ астынан бұл жолы 31 килограмнан астам георин табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Іс тиісті мекемелегерге берілді. Тексеру басталды. Қырағы шекарашылар ҚР ҰҚК Шекара қызметі Директорыныӊ тарапынан марапатталатын болады.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны