27.09.2007, 11:44 3001

Кореяның Қазақстандағы елшісі Семей қаласында жаңа "СемАЗ" қазақстан-корей зауытының ашылуына қатыспақ

Кореяның Қазақстандағы елшісі Семей қаласында жаңа "СемАЗ" қазақстан-корей зауытының ашылуына қатыспақ

Семей. 27-қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Кореяның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Ким Иль Су Семей қаласында жаңа «СемАЗ» қазақстан-корей зауытының ашылуына қатысады. Бұл жөнінде "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кеше елші Семей қаласына келіп қала әкімі Мейрамхат Айнабековпен кездесті. Ол қонаққа Семей қаласының және жалпы аймақтың ерекшелігі жайлы әңгімелеп берді.

Икім қаланың ыңғайлы географиялық орналасуын айта келе, қазіргі кезде Семейде көлік тасымалының барлық түрлері жанданып келе жатқандығын, бұл алыс-жақын шетелдермен, соның ішінде Корея елімен де ынтымақтастықты бұдан әрі дамытуға жаңа мүмкіншіліктер ашатындығы жөнінде өз пікірін білдірді. «Бұған дәлел - 27 қыркүйекте ашылуы жоспарланып отырған «СемАЗ» ЖШС. Біз мұндай жобаларды тек қолдайтын боламыз және өз тарапымыздан кез келген қандай да бір көмек қолын созатын боламыз», - деді М. Айнабеков.

Өз кезегінде Ким Иль Су жаңа зауыттың конвейерінен шыққан алғашқы автобус Семей қаласына сыйға берілетіндігін хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны