13.07.2012, 09:22 7614

Қорғалжын қорығы Дүниежүзілік биосфералық резерваттар жүйесіне енді

Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Париж. 13-шілде. Kazakhstan Today - Осы күндері Парижде өтіп жатқан ЮНЕСКО-ның "Адам және биосфера" бағдарламасы аясындағы Халықаралық координациялық кеңес Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығын Дүниежүзілік ЮНЕСКО биосфералық резерваттар жүйесіне енгізу туралы қазақстандық тараптың алғашқы өтінішін қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

"Қорғалжын" биосфералық резерваты Еуразияның құрғақ далалық ландшафты аумағы болып табылатын тұщы және ащы су қоймалары бар, бірегей табиғат аясы ретінде белгілі. Бұл аумақта Қазақстанның басқа жерлерінде жойылып кеткен дала экожүйесінің қайталанбас жақұты қаз-қалпында сақталған.

Ол Орталық Қазақстанда, жыл құстарының ұшып өтетін Ортаазиялық-үнділік және Сібірлік-шығысафрикалық жолдарының түсілісінде орналасқан. Сондықтан құстардың алыс жолда тынығатын сулы-батпақты мекені. Қорғалжын - Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл Орталық Азия үшін халықаралық маңызға ие табиғат қорығы.

Халықаралық координациялық кеңес Қазақстан өтінішінен басқа тағы 30-дан астам елдің өтініштерін қараған. Дегенмен, олардың тек 15-і ғана биосфералық резерват қатарына алынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны