17.10.2018, 18:03 4288

Қорғаныс істері жөніндегі бірлескен бөлімі бастығыныӊ орынбасары пара алу үстінде ұсталды

Ол қала тұрғынынан әскерге шақыруды кейінге қалдыру және әскери билет беру үшін 270 000 теӊге алды деп күдіктелуде.

Астана. 17 қазан. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ Щучинск қаласыныӊ Қорғаныс істері жөніндегі бірлескен бөлімі бастығыныӊ орынбасары пара алды деп күдіктелуде.

Ағымдағы жылдыӊ 11 қазан күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросыныӊ Ақмола облысы бойынша департаментімен Щучинск қаласыныӊ Бурабай ауданында қызмет ететін Қорғаныс істері жөніндегі бірлескен бөлімі бастығыныӊ орынбасары, майор парақорлықта әшкереленді.

Ол қала тұрғынынан әскерге шақыруды кейінге қалдыру және әскери билет беру үшін 270 000 теӊге алды деп күдіктелуде.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны