15.10.2018, 14:17 4804

Қорғаныс министрлігі Шымкент қаласы әкімдігімен меморандумға қол қойды

Қорғаныс министрлігі мен Шымкент қаласы әкімдігі, "Жас сарбаз" Республикалық әскери-патриоттық қоғамдық қозғалысы арасындағы азаматтардыӊ әскери-патриоттық тәрбиесі саласындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды.

Шымкент. 15 қазан. Kazakhstan Today -Қорғаныс министрлігі мен Шымкент қаласы әкімдігі, "Жас сарбаз" Республикалық әскери-патриоттық қоғамдық қозғалысы арасындағы азаматтардыӊ әскери-патриоттық тәрбиесі саласындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум бес жыл мерзімге жасалды, оған ҚР Қорғаныс министрі Н.Б.Ермекбаев, Шымкент қаласыныӊ әкімі Ғ.Р.Ибдірахымов және "Жас сарбаз" Республикалық әскери-патриоттық қоғамдық қозғалысыныӊ төрағасы генерал-майор М. К.Таласов қол қойды.

Меморандум аясында тараптар өскелеӊ ұрпаққа отансүйгіштік сезімніӊ, азаматтық жауапкершіліктіӊ, еліміздіӊ салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген құрметтіӊ қалыптасуын қажет деп тауып, жастардыӊ әскери-патриоттық тәрбиесі саласында және әскери-қолданбалы спорт түрлерін насихаттаудағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл етуге келісті.

Бұдан басқа, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру мәселелері бойынша бірлескен жылдық іс-шаралар жоспарын әзірлеу; жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге, сондай-ақ әскери қызметтіӊ беделін арттыруға және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ имиджін ілгерілетуге бағытталған бірлескен іс-шаралар өткізу; кадет сыныптарын және әскери-патриоттық клубтарды ашуда мүдделі органдармен және республикалық және өӊірлік жастар ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау; әскери-патриоттық үйірмелердіӊ, кадет сыныптарыныӊ, сондай-ақ білім беру мекемелерінде, оқушылар сарайында, демалыс лагерьлерінде, спорт лагерьлерінде өзге де жастар ұйымдарыныӊ жұмысы бойынша өзара іс-қимыл жасау жоспарланды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны