05.07.2016, 12:59 4360

Қорғаныс министрлігініӊ 10 армиялық спортшысы Қазақстанныӊ туын желбіретін Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға аттанады

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубыныӊ 10 спортшысы Рио-де-Жанейродағы Олимпиадалық ойындарға аттанады. Қазақстанныӊ құрамасы құрамында олар еліміздіӊ намысын басты әлемдік сайыстарда қорғайтын болады

Астана. 5 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубыныӊ 10 спортшысы Рио-де-Жанейродағы Олимпиадалық ойындарға аттанады. Қазақстанныӊ құрамасы құрамында олар еліміздіӊ намысын басты әлемдік сайыстарда қорғайтын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Олимпиадалық жолдама иегерлерініӊ қатарында қазақстандық жеӊіл атлетші капитан Ольга Рыпакова, жеӊіл атлетші қатардағы жауынгер Михаил Красилов, былғары қолғап шеберлері аға сержант Біржан Жақыпов, ефрейтор Қайрат Ерәлиев пен ҚР ҚК-ніӊ қызметкері Жәнібек Илімханұлы, ҚР ҚМ АОСК-ныӊ спортшысы Юрий Юрков - оқ ату, 3-сыныпты сержант Евгений Алексеев - байдаркаларда есу, кіші сержант Ғалымжан Үсербаев - еркін күрес, ефрейтор Руслан Жапаров - таэквондо және заманауи бесайыста өнер көрсететін ҚР ҚК-ніӊ қызметкері Елена Потапенко бар, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Жақында ғана Қазақстан олимпиада құрамасыныӊ мүшелерімен Мемлекет басшысы кездесті. Елбасы ҚР ҚМ АОСК-ныӊ спортшысы ефрейтор Руслан Жапаровқа Мемлекеттік туды табыс етті. Ол олимпиадалық құрамамыздыӊ ту ұстаушысы ретінде өнер көрсетеді және Олимпиадада еліміздіӊ басты мемлекеттік символын көтереді.

"Олимпиадалық ойындарға қатысу және өз елініӊ туын арқалау - әрбір спортшыныӊ арманы. Ирине, бұл үлкен жауапкершілік. Өйткені, ел бізге үкілеген үміт артады. Және біз осы үмітті ақтап, Қазақстанды жоғары деӊгейде көрсетіп, үйге алтын медальмен оралғымыз келеді", - деп ефрейтор Руслан жапаров ойымен бөлісті.

ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубында айтқандай, қазіргі кезде спортшылардыӊ соӊғы жаттықтыру жиыны өтіп жатыр. Ал 1 тамыздан бастап олар олимпиадалық қалашыққа жөнеле бастайды. Спортшылар жақсы дайындалып жатыр. Бұл Олимпиадада әрқайсысыныӊ өз мақсаты бар. Алтынды еншілеп, рекорд жасау.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны