20.06.2013, 15:04 2774

"Қорғас ісі" бойынша айыпталушы өз камерасында жасырын бейнежазу құралын тауып алғанын мәлім етті

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "Қорғас ісі" бойынша айыпталушы, ҚР ҰҚК 4-департаментінің бастығы Ирлан Абдрахманов сот барысында өзі жатқан оқшаулау камерасында жасырын бейнежазу құралын тауып алғнын мәлім еткен.

Алматы. 20-маусым. Kazakhstan Today - "Қорғас ісі" бойынша айыпталушы өз камерасында жасырын бейнежазу құралын тауып алғанын мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "Қорғас ісі" бойынша айыпталушы, ҚР ҰҚК 4-департаментінің бастығы Ирлан Абдрахманов сот барысында өзі жатқан оқшаулау камерасында жасырын бейнежазу құралын тауып алғнын мәлім еткен.

"Қорғас ісі" бойынша басталған басты сот талқылауы кезінде ҚР ҰҚК 4-департаментінің бастығы Ирлан Абдрахманов төрағалық етуші судья Советхан Сәкеновтың атына талап-арызбен жүгінді.

"Бүгінгі күні тергеу изоляторында біз басты сот талқылауын күтіп жатқан кезімізде жасырын бейнежазу құралын тауып алып, беріп жібердік. Бұл құр сөзге сүйенген факті емес", - деді И. Абдрахманов.

Судьяға жүгінген айыпталушы Ирлан Абдрахманов осы материалды қылмыстық іс материалдарына қосымша тігуді өтінді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны